Netflix пен Warner Bros-тің бірігуі кинотеатрларға қиын соғуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Netflix пен Warner Bros. Discovery-дің бірігуі салдарынан кинотеатрларда фильмдердің көрсетілуі азая бастауы мүмкін. Сарапшылар қазір бірігу процесіне қатысты осындай алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы меншікті тілшісі The Business Times басылымына сілтеме жасап.
Degroof Petercam сарапшысы Крис Кипперс кинотеатрларда көрсетілетін фильмдер уақытының қысқаруы сала үшін айтарлықтай қиындықтар тудыруы мүмкін екендігін айтады.
Netflix Warner Bros Discovery-ді сатып алатын болса, пандемия мен Голливудтағы ереуілдерден қиындық көрген кинотеатрлардың кинокөрсетілімдерінің саны қысқаруы мүмкін деген болжам бар.
2026 жылы АҚШ-тағы кассалық жинақ танымал франшизалар мен «Супер Марио», «Ойындар тарихы 5», «Кек алушылар: Финал» және «Дюна: үшінші бөлім» сияқты туындылардың жалғасының шығуы есебінен өсуі мүмкін деп болжанып отыр.
Macquarie сарапшысы Чад Бейнонның бағалауы бойынша, айналымдағы қаржы 12 пайызға өсіп, 9,7 млрд долларды құрауы мүмкін.
Netflix компаниясы фильмдер кинотеатрларда 45 күн ішінде көрсетілетініне уәде беріп отыр.
Cinema United лоббилік тобының бас директоры Майкл О’Лири Netflix-тің кинотеартлардың мүддесіне қатысты ештеңе айтпағанын мәлімдеді.
Еуропа мен АҚШ-тағы салалық қауымдастық өкілдері де Netflix немесе Paramount Global-дың Warner Bros. Discovery-ді иемденуі блокбастерлердің прокатқа шығуына қиындық тудыруы мүмкіндігін ескертті.
Осыған дейін Netflix Warner Bros-ты 82,7 млрд долларға сатып алатыны туралы жаздық.