Нева даңғылында «Макдональдс» мейрамханасы өртеніп жатыр
МӘСКЕУ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат – Санкт-Петербордағы Нева даңғылында «Макдональдс» мейрамханасы өртенуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Зардап шеккендер жоқ. Ғимарат жабық тұр. Келушілерді шұғыл түрде басқа жерге көшіруде. Оқиға орнында екі өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеуде. От ошағы асханада. Қалың түтін Аничков көпірінен де анық көрінеді.Нева даңғылы бойынша машиналар қозғалысына шектеу қойылған жоқ, ал Рубинштейн көшесіне кіретін жол жабық. Бұл мейрамханада бұдан бұрын да төтенше оқиға болған еді. Ақпанның 18-інде мейрамханада адамдар толып отырғанда, лаңкестік акт деп танылған жарылыс болды. Онда оннан астам келуші зардап шекті, бірнеше адамды ауруханаға жеткізуге тура келді.