12:41, 28 Қараша 2009 | GMT +5
«Нева экспресінің» 40 жолаушысы хабар-ошарсыз жоғалғандар қатарында
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат - РФ Төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгудің хабарлауынша, апатқа ұшыраған «Нева экспресінің» 40-тан астам жолаушыларының тағдыры белгісіз,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Теміржол экспресі апатының орнынан көшірілген жүздеген адамдар Петерборға жеткізілді.
Новгород және Тверь облыстарының шекараларында жұма күні кешке орын алған «Нева экспресі» пойызы апатының салдарынан, соңғы деректер бойынша 25 адам мерт болды, 90-ға жуығы зардап шекті.