Неврологиялық ауруға шалдыққан науқастар оңалтудан тегін өте алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Неврологиялық ауруға шалдыққан алматылықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде денсаулығын оңалта алады. Бұл туралы Алматы қалалық №1 ауруханасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Инсульт алған науқастардың бірінің айтуынша, ол МӘМС аясында оңалтудан өткен.

«Мен аурухананың нейрореабилитация бөліміне инсульт алғаннан кейін 20 күннен соң түстім. Ол кезде өз бетімше қозғалып, сөйлей алмайтынмын», - дейді науқас.

Аурухананың тәжірбиелі дәрігерлері жеке оңалту бағдарламасын жасап, реабилитацияның кинезиотерапия әдісін қолдану туралы шешім қабылдады.

Кинезиотерапия инсульт салдарынан сал болып қалғандарды аяғынан тұрғызуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде оңалтудан өткен алматылықтың есте сақтау, сөйлеу қабілеті жақсарды.

Нейрореабилитация бөлімінің меңгерушісі Әмина Сейданованың айтуынша, бөлімше қажетті жоғары технологиялы аппараттармен жабдықталған, аталған санаттағы сырқаттармен жұмыс істейтін білікті мамандар да жеткілікті.

«Оңалтудың екінші кезеңі мидағы қан айналысы бұзылған және миына, жұлынына ота жасалған пациенттерге арналған. Олар бөлімшеге аталған манипуляциядан кейін 9 айдан соң қабылданады. Кешенді емдеу-оңалту процесіне көптеген салалық мамандар жұмыдырылады. Жоспарлы түрде стационарға жатқызу «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жүргізіледі», - деп атап өтті дәрігер.

Айта кетейік, медициналық оңалту міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар