«New Vision: Бизнес күші»: Алматыға әлемдік кәсіпкерлер жиналды

бизнес
Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласында алғаш рет «New Vision: Бизнес күші» жаһандық бизнес-форумы өтіп жатыр. Іс-шара аясында еліміздің оңтүстік астанасына отандық және шетелдік бизнес-көшбасшылары, көрнекті саяси қайраткерлер жиналды.

Форум барысында жасанды интеллект дәуіріндегі жаһандық бизнес пен нарықтағы өзгерістер және өзге де тақырыптар қозғалады. Іс-шараға интернет новатор Джефф Хоффман, Virgin Group негізін қалаушысы Ричард Брэнсон, жетістік психологиясы саласындағы әлемдік сарапшы Брайан Трейси және басқа да бизнесмендер, инвесторлар, технологиялық көшбасшылар қатысып жатыр. 

бизнес
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Бүгінгі күні жаһандану үрдісі өте жылдам жүріп жатыр. Нарық та жылдам өзгеруде. Бұрын бір салада көшбасшыға айналу үшін көп жыл қажет еді. Бірақ қазір бір компания 10 жыл бойы жүріп өткен жолды 2-3 айда өтіп, оларды озып кетуге болады. Біз аз уақытта өзгелердің нарығын жаулап алып, одан тез өз нарығымызды жоғалтып ала аламыз», - деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

бизнес
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Сондай-ақ қазақстандық кәсіпкер бүгінгі күні білікті мамандарға сұраныс жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаһандану дәуірінде білім мен жаңа технологияларды үйренуге инвестиция жасау қажет. 

бизнес
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Қазіргі уақытта жоғары білікті мамандар жетіспейді. Талант – бүгінгінің басты капиталы. Қазіргі уақытта мемлекет бай болуы үшін білім жоғары деңгейде болуы қажет. Біліктілігі жоқ жұмысшыларға деген сұраныс азайып келеді. Егер айлығы аз, сұранысы жоқ жұмыста жүрсеңіз – онда сіздің жұмысыңызға қауіп төніп тұр. Компаниялар қазіргі уақытта білікті мамандарға инвестиция құюға дайын. Егер қазір 100 білікті маманды жалдау мүмкіндік болса, онда ақшаға қарамай оларды жұмысқа алар едік. Өйткені олар одан да көп табыс әкеледі. Сондықтан өз болашағыңызға, өз біліміңізге инвестиция жасаңыз. Жасанды интеллект бізді жеңе алмайды. Бірақ ЖИ-ді қолданған адамдар, оны қолданбағандарды жеңеді. Сондықтан жаңа технологияларды үйренуге инвестиция жасаңыздар», - деді Тимур Турлов.

Соңғы жаңалықтар
telegram