Неймар «Барселонадан» кететін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 жастағы бразилиялық футболшы Неймар «Барселона» командасымен қош айтысып, «ПСЖ» сапына өтпек. Каталондықтардың құрамындағы соңғы матчын футболшы 6 тамыз күні «Шапекоэнсе» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
None
None

Неймардың кететіні туралы «Барселона» бүгін ресми ақпарат таратқан.

«Таңғы жаттығу барысында Неймар клубтан кеткісі келетіні және келешегіне қатысты сұрақтарға байланысты жаттығуға келмейтіні турасында тілек білдірді», - деп хабарлайды ақпарат көзі.

Мәлімет көзінің хабарлауынша, клуб Неймардың шынында да кететінін растаған. Футболшы 6 тамыз күні каталондықтардың сапында соңғы матчын өткізеді.

БАҚ-тың хабарлауынша, «Пари Сен-Жермен» Неймардың келісімшартын сатып алу үшін рекордтық 222 млн еуро жұмсайды. 

Айта кетерлігі, Неймар "Барселона" сапына 2013 жылдың мамыр айында келіп, шілденің 30 жұлдызында команда сапында тұңғыш ойынын өткізген болатын. 

Соңғы жаңалықтар