Неймар өз құрамасынан 4 ойынға шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка кубогының тәртіптік комитеті бразилиялық футболшы Неймарды әбес қылығы үшін өз құрамасының 4 ойынынан шеттетті, деп жазады Би-би-си.

Неймар өз құрамасынан 4 ойынға шеттетілді

Осылайша ол Америка кубогының соңғы 4 кездесуіне қатыспайтын болды. Бұдан бөлек «Барселона» шабуылшысына 10 мың доллар айыппұл салынды.

Өткен сәрсенбі күні Неймар Колумбияға қарсы ойын кезінде қарсылас қорғаушысы Жейсон Мурильоны баспен сүзгені үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған. Алайда футболшы олай істемегенін, керісінше оны итергенін айтып ақталған. Бірақ бұл шығарылған шешімге еш әсер еткен жоқ.