Неймар «ПСЖ» футболистеріне бразилиялық әнді орындап берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неймар жаңа клубтастарымен алғашқы кешкі ас барысында бразилиялық әнді орындады.
25 жастағы футболшының ән айтқан видеосын «ПСЖ» хавбегі Марко Верратти жариялады. Неймарды қолдап, әнге отандастары Дани Алвес пен Маркиньос қосылды.
Неймар «Барселонадан» «ПСЖ-ға» 222 млн долларға ауысты. Бұл футбол әлеміндегі рекорд саналады.