Неймар жақсы ойыншы, бірақ жұлдыз емес - Дунга
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия футбол құрама командасының бас бапкері Дунганың айтуынша, Неймарға жұлдыз атануы үшін Әлем чемпионатын ұту керек, деп жазады ИТАР-ТАСС.
«Неймар тамаша футболшы, бірақ оған футболдың «жарық жұлдызы» болу үшін әлі де көп еңбектеніп, Әлем чемпионатын ұтуы керек. Ондай ойыншы 1-2 емес, 5-6 ойында өзін көрсетіп, өзгелерден артық болуы қажет. Міне, сонда ғана оны жұлдыз деп айтуға болады», - деді Дунга.