Неймарға 1 млн доллардан астам айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия соты құрама команданың және париждік «Пари Сен-Жермен» клубының футболшысына қатысты іс бойынша шешім шығарды. Неймарға салықтан жалтарды деген айып тағылған.
None
None

Салыққа байланысты айлакерлік жасады деген Неймарға, оның ата-анасына және футболшының «ПСЖ-дағы» футбол карьерасын басқаратын үш компанияға 1,2 миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл белгіленді.

Айта кетелік, егер Неймар париждік клуб сапында жүріп «Алтын доп» иегері атанса, оған клуб басшылығы 3 миллион еуро көлемінде сыйақы төлейді.

Соңғы жаңалықтар