Нейрохирургия орталықтарының көбеюі осы сырқатпен ауыратын адамдар санының артқанын көрсетеді - Ж.Досқалиев

АНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда нейрохирургия орталықтарының көбеюі - осы  сырқатпен ауыратын адамдар санының артуына тікелей байланысты болып отыр. Бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан нейрохирургтерінің I съезі аясында журналистерге сұхбат берген ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев осылай айтты,

Нейрохирургия орталықтарының көбеюі осы  сырқатпен ауыратын  адамдар санының артқанын көрсетеді - Ж.Досқалиев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке орай, басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда нейрохирургия саласы бойынша ми, жұлын, қан тамырлары ісігі және осы іспетті ауруларға шалдыққан азаматтардың саны жыл сайын өсіп келеді. Әсіресе, жастардың арасында қатерлі ісік аурулары көптеп кезедесе бастады. Міне, осыған байланысты елімізде нейрохирургия саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, тиісті емдеу орталықтары салынуда», - деді Ж.Досқалиев.