Нибали - 2014 жылдың үздік велошабандозы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың маусымында Винченцо Нибали испаниялық Альберто Контадорды екінші орынға ығыстырды. Оған Тур де Франстағы жеңісі себеп болған. Cyclingnews оқырмандары 30 жастағы велошабандозды үздік деп шешті, деп жазады astanafans.com.

Нибали - 2014 жылдың үздік велошабандозы

Астана командасы лидерінің Турдың 5-кезеңінде көрсеткен шеберлігі оқырмандарды тамсандырды. Оқырмандар бұл сәтті 2014 жылдың ұмытылмас сәті деп атады. Мұның барлығы оның жанкүйерлердің көзайымына айналуына септесті.

Нибали Контадордан 2 пайызға, ал әлем чемпионы Михал Kвятковскиден (Etixx-QuickStep) 10 % озды.