Нибали «Джиро д'Италия» көпкүндiгiнiң көшiн бастап келедi

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Астана велошабандозы Винченцо Нибали "Джиро д'Италия" көпкүндiгiнiң 11-кезеңiнен кейiн көшбасшының қызғылт түстi жейдесiн сақтап қалды.

Нибали «Джиро д'Италия» көпкүндiгiнiң көшiн бастап келедi

Кешегi жарыс күнiнде Garmin-Sharp командасының велошабандозы литвалық Рамунас Навардаускас жеңiске жеттi. Тарвизио мен Вайонт қалалары арасын қамтыған 184 шақырымдық қашықтықты екiншi болып Даниэль Осс бағындырды. Италиялық Стефано Пирацци көмбеге үшiншi келдi.

Бұл жарыста қалың топпен бiрге келген Нибали әлi де болса көш тiзгiнiн қолдан шығарған жоқ.

Бүгiнгi кезеңде спортшылар тегiс жолды қашықтықта бақтарын сынайды. Лонгаронеден Тревизоға бағыт алатын олар 127 шақырымды жүрiп өтулерi тиiс.