Нибалидің басты қарсыластары «Джиро д'Италия» жарысынан шығып қалды
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - «Джиро д'Италия» көпкүндігінің қазіргі жеңімпазы Garmin-Sharp командасының шабандозы Рейдер Хешедаль мен биылғы маусымның басты фавориттерінің бірі Брэдли Уиггинс (Sky) сырқаттанып қалғандарына байланысты «Джиро д'Италия» жарысынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі спортшы да доданы ары қарай жалғастыра алмайды. Бұл жағдай Astana Pro Team командасының және "Джиро д'Италия" көпкүндігінде көш бастап келе жатқан оның капитаны Винченцо Нибалидің жалпы есепте жеңіске жетуіне қосымша мүмкіндіктер береді.
Былтыр Хешедаль «Джиро» жарысын жеңіп алған болатын. Биылғы доданың жалпы кестесінде ол 38-орында келе жатқан болатын. "Тур де Франс" супер көпкүндігінің жеңімпазы британиялық велошабандоз Уиггинс жарыс барысында 12-орында келе жатты.
Еске сала кетейік, "Джиро д'Италия" көпкүндігінің 12 кезеңі бойынша Винченцо Нибали бірінші орында келеді.