Ниццада террорлық әрекет жасаған ер адам шабуылға тиянақты дайындалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұхаммед Бухлель Ниццада теракт жасауға тиянақты дайындалған. Мәселен ол Ағылшын жағажайын жақсырақ зерттеу үшін сол аймаққа екі рет келген. Бұл туралы Europe 1 арнасына сілтемемен 24.kz хабарлайды.
Тергеу кезінде француз полициясы Бухлельдің бұл әрекетке кемінде бірнеше күн бойы дайындалғанын анықтаған. 12 және 13 шілдеде ол Ағылшын жағажайына барған.
«Бейнежазбада қылмыскердің жүк көлігінде отырып, аймақты зерттеп келе жатқанын көруге болады», деп хабарлайды телеарна. Бұған дейін мәлім болғандай Бухлель ағасына өзінің бақытты екенін жазған селфи жолдаған.
Естеріңізге сала кетсек, Ниццадағы теракт салдарынан 84 адам қаза тапты.