Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ниццадағы лаңкес оқиға жасар алдында отбасына хабарласып, өзінің бақытты екенін айтқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мохамед Лахуайедж Бухлель Ниццада теракт жасамастан бірнеше сағат бұрын өз отбасына фотосын жіберіп, бақытты екенін айтқан, деп хабарлады РИА Новости.

Ниццадағы лаңкес оқиға жасар алдында отбасына хабарласып, өзінің бақытты екенін айтқан

«Ол маған селфи жолдап, бақытты екенін жазды. Кейін Ниццадағы жағдайды естігенде біз оған sms жазып, түнгі екіге дейін хабарласуға тырыстық», деген «Mirror» басылымына сұхбат берген оның ағасы Джабир.

Бухлельдің тағы бір туысқаны Сокри Амими оның бала кезден психикалық аурумен ауыратынын айтты.

«Оның 7 ағасы, 3 әпкесі болды. Бірақ, ішінде сол ғана ауру еді. Ол есірткі пайдаланды, ішімдік ішті», - деді Амими БАҚ-қа берген сұхбатында.