Ниццадағы лаңкестіктен қаза тапқан 84 құрбанның арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Алдын ала мәлімет бойынша, Ниццадағы лаңкестік кезінде қаза тапқан 84 құрбанның арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.
Әйтсе де, қазіргі кезде жарақат алған 175 адамның азаматтығын анықтау жұмыстары әлі де жалғасуда.