Ниццадағы оқиғаға қатысты қазақстандықтар үшін жедел желі жұмыс жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Ниццадағы лаңкестік оқиғаға қатысты қазақстандықтар үшін жедел желі - телефон нөмірлерін жариялады.

Ниццадағы оқиғаға қатысты қазақстандықтар үшін жедел желі жұмыс жасайды

«Ниццада лаңкестік аймағында болуы мүмкін туыстары жайлы ақпарат алу үшін қазақстандықтар Франциядағы Қазақстан елшісі міндетін атқарушы, елшілік кеңесшісі Болат Өтегенге (Париж) хабарласа алады: +33-145615215 (кеңсе), +33-689229719 (ұялы)», - деп хабарлады твиттердегі ресми парақшасында ҚР СІМ.

Одан бөлек, қосымша ақпарат алу үшін Ниццадағы ҚР құрметті консулы Доминик Паже мырзаға хабарласа алады: +33-685311206 / +7-7019905552.