Ниццадағы жүк көлігі жүргізушісінің кім екені анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ницца жағалауында ондаған адамды басып-жаншыған жүк көлігінің рулінде Тунисте дүниеге келген 31 жастағы жергілікті тұрғын болған.

Ниццадағы жүк көлігі жүргізушісінің кім екені анықталды

Бұл туралы Lenta.ru Nice Matin басылымына сілтеме жасап хабарлады.

BFM телеарнасы хабарлағандай, жүк көлігінен полиция атып тастаған жүргізушінің жеке куәлігі табылды.

Еске сала кетсек, 14 шілдеде Ницца қаласында теракт орын алды. Жағалауда мереке құрметіне берілетін от шашуға жиналған халықты жүк көлігі басып-жаншып өткен. Кейін оқ атқаны туралы хабар түсті, алайда ол ресми түрде расталмады.

Прованс-Альпы-Лазурный Берег өңірінің басшысы Кристиан Эстрозидің ақпаратынша, салдарынан 77 адам қаза тапты. Le Figaro 80 адам ажал құшқаны туралы хабарлады.

Ницца билігі мұны теракт деп атаса, әзірге күш құрылымдарының өкілдері мұны террорлық акт екенін айтпай отыр.