Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рютте жұмыс сапарымен Қазақстанға келді
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттені «Ақорда» резиденциясында қарсы алды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте келіссөз өтетін залға барды.
