Нидерланд күн батареяларын импорттаудан әлемде бірінші орында
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Нидерландтың CBS статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, бұл ел күн батареяларын импорттау бойынша әлемде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2022 жылы Нидерланд шамамен 12 млрд еуроға күн батареясын алды, бұл әлемдегі екінші ірі импорттаушы АҚШ-тан 2 млрд-қа көп. Үздік «бестікке» сондай-ақ Бразилия, Германия және Испания елдері кірді.
Дегенмен, Нидерланд баспасөзінің жазуынша, елдің күн батареяларының импортының 60% негізінен ЕО-ның басқа елдеріне қайта экспортталады.
Бұл ретте құны 0,5 млрд еуро күн панельдерінің көп бөлігі (жалпы соманың 89%-ы) күн панельдері үшін қажетті көптеген материалдар, соның ішінде галлий, магний, кремний, германий, графит және сирек кездесетін жер металдар шығарылатын Қытайдан келеді.
Осы маңызды материалдардың əрқайсысының жаһандық өндірісінің кем дегенде 65%-ы, соның ішінде галлий өндірісінің 98 %-ы Қытай үлесінде.
2021 жылмен салыстырғанда, Нидерландқа күн панельдерін импорттау құны 2022 жылы екі еседен астам өсті. Бұған күн батареялары бағасына сұраныстың артуы себеп болған.
Нидерланд сонымен қатар 2022 жылы ЕО-да жан басына шаққандағы күн электр қуатының ең үлкен үлесін (шамамен 14%) өндірді, Еуроодақтағы 27 елдің ішінде орнатылған күн батареяларының ең көп саны бар мемлекет болды.
Нидерландта 2021 жылы шамамен 48 млнн күн панелі болған, ал Нидерланд Кәсіпкерлік агенттігі хабарлауынша, өткен жылы шамамен 10 млн-ға жуық панель импортталған.