Нидерланд пойыздары желден қуат алатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландтың барлық темір жол құрамы жел электр стансаларының қуат көзіне ауысты.

Нидерланд пойыздары желден қуат алатын болады

Голландиялық пойыздардың жел электріне ауысуы - еуропалық мемлекет үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін айтулы оқиға болды. Нидерланд - пойыздарды жел электр стансалары өндіретін қуатпен жүргізу технологиясын енгізген алғашқы ел.

Пойыз 200 шақырым жол жүруі үшін генератор бір сағат қана жұмыс істесе болғаны. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.