Нидерланд Премьер-министрі ЕО-да көші-қонды бақылауды күшейтуге шақырды

Нидерланд Үкіметі Еуропалық Одақ аясында көші-қон саясатын қатаңдату бойынша ортақ күш-жігерге үміт артады. Бұл туралы Нидерланд Премьер-министрі Дик Схоф Германия канцлері Фридрих Мерцпен Берлиндегі бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС

Нидерланд туы
Фото: pixabay

— Нидерланд үкіметі көші-қонды бақылау бойынша қатаң шаралар қабылдап жатыр. Мұндай қадамдарды ЕО деңгейінде де жүзеге асыру қажет деп санаймыз, — деді Дик Схоф.

Оның айтуынша, бұл мәселеде үшінші елдермен ынтымақтастық шешуші рөл атқарады.

Премьер-министр сонымен қатар корольдік аумағында орын алған антимигранттық наразылықтарға да тоқталды. Белгілі болғандай, кейбір азаматтар босқындар тасқынын тоқтатуға тырысып, шекараны өз бетімен бақылауға алған.

— Барлық әрекет заң аясында жүзеге асырылуы тиіс, — деді Схоф бұл жағдайға пікір білдіре отырып.

Айта кетейік, 9 маусымда Algemeen Dagblad газеті Германиямен шекаралас аймақта тұратын нидерландтықтар бақылау-өткізу бекетін ұйымдастырғанын хабарлады. Бұл бастама корольдік билігінің тым жұмсақ көші-қон саясатына қарсылық ретінде өткізілген. Акция Германия мен Нидерланд шекарасындағы Тер-Апель елдімекені маңында өткен. Айта кетейік, бұл елдімекен босқындарды қабылдайтын негізгі орталықтардың бірі ретінде танымал. 

Айта кетелік Нидерландыда коалиция ыдырағаннан кейін кезектен тыс сайлау өтетіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар
Референдум