Нидерландыда көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефон қолданғандарға 420 еуро айыппұл салынатын болды

АСТАНА. KAZINIFORM – 1 наурыздан бастап Нидерландыда жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл сомасы орташа есеппен 10%-ға өсті. 

телефон за рулем
Фото: unsplash

Ел депутаттары, Мемлекеттік кеңестің консультативтік-кеңесші органы және Нидерланд прокуратурасы мұндай жоғары айыппұлдар мемлекеттік реттеу жүйесіне қоғамдық қолдауды азайтатынын алға тартып, қаржылық жазаны күшейтуге қарсы шықты.

«Айыппұл деңгейі жол қозғалысы ережесін бұзудың сипаты мен ауырлығын көрсетуі тиіс», - делінген Мемлекеттік кеңестің мәлімдемесінде.

Осылайша, 1 наурыздан бастап қызыл шамға жүрген көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл 280 еуродан 300 еуроға дейін өседі, ал көлік жүргізіп келе жатқанда телефонмен ұсталған көлік жүргізушілеріне 420 еуро және 9 еуро әкімшілік алым көлемінде айыппұл салынады.

Жергілікті жол қауіпсіздігі ұйымы «VVN» жоғары айыппұлдар тиісті тәртіппен біріктірілгенде ғана тиімді екенін айтты.

«Автокөлік жүргізушілері көлікті ереже бұза отырып басқарудың салдары туралы білуі керек. Бұл жол қауіпсіздігін жақсартудың бірден-бір жолы», - дейді баспасөз хатшысы Виллемейн Пломпер.