Нидерландта сайлаудың бастапқы нәтижесі жарияланды

Бастапқы нәтижеге сүйенсек, Рюттенің орталықоңшылдары парламенттегі 150 орынның 31 мандатын иеленеді, ал олардың басты қарсыластары ультраоңшылдар - Герт Вилдерстің Азаттық партиясы 19 мандатты иеленді.
Қазіргі уақытта Нидерланд заң шығарушы органында АДХП 41 орынға ие.
Сайлауда үшінші орында - «Жасыл солшылдар» қазіргі Рюттенің басқарушы коалициясының серіктестері 16 депутат мандатын иеленді (егер сайлау мәліметтері өзгермесе), төртінші орында - 14 мандаты бар Социалисттік партия тұр. Ал бұдан аз нәтижеге ие болған партиялар қалған мандаттарды алды.
Сайлаудың ресми қорытындысы бірнеше сағаттан кейін белгілі болады деп күтілуде.
Елде басқарушы коалицияны қалыптастыру үшін депутаттардың басымдығы қажет (76 мандат), ал қазір коалиция жасақтауға кемінде 4 партия тартылады. Бұл голландтар үшін алдағы уақытта күрделі келіссөздердің күтіп тұрғанын білдіреді.
Сайлауға қатысушылар саны жоғары- 81 %, 2012 жылы бұл көрсеткіш 73 % болған.