Нидерландтағы Еуропарламент сайлауы: exit-pool қорытындысы шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропарламентке дауыс берудің алдын ала қорытындысы солшыл «Жасыл лейбористтер» (GroenLinks-PvdA) бірінші орынға шығып, Еуропарламентте сегіз орынға ие болғанын көрсетті. Бұл туралы Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлайды.
Болжамға қарамастан, әсіре оңшыл «PVV» партиясы жеті орынмен екінші орынға шығуы мүмкін.
Нидерландтағы ресми қорытынды ЕО-ның қалған 26 елінде дауыс беру аяқталғаннан кейін, жексенбі күні кешке жарияланады.
Нидерландтағы сайлауға қатысу 2019 жылмен салыстырғанда бес пайыздық тармаққа жоғары, 47% дерлік болды.
Нидерланд 720 орындық Еуропа парламентінің 31 мүшесін сайлайды.