03:06, 02 Қазан 2017 | GMT +5
Нидерланды ел үкіметін 200 күннен бері бекіте алмай келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерланды министрлер кабинетін 200 күннен бері жасақтай алмай келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.
Нидерландыда парламенттік сайлау 2017 жылдың 15 наурызында өткен болатын. Конституцияға сәйкес, көп ұзамай ел үкіметі бекітілуі керек еді. Дегенмен, елдің саяси партиялары арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелді.
«Бостандық және демократия үшін халық партиясының» (VVD), «Христиандық-демократиялық үндеу» партиясының (CDA), «Демократтар» (D66) және «Христиан одағы» (CU) партияларының қатысуымен басқарушы коалиция құру бастамасы әлі іске асырылмады.
Бұл жағдай елдің саяси топтары арасында қауіп тудыра бастады.
1977 жылы коалициялық үкімет құру процесі 208 күнге созылған болатын.