Нидерланды елінде құс тұмауы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құс тұмауы қайта шыға бастады. Атышулы індетті мамандар Нидерланд елінің Утрехт қаласындағы құс фабрикасынан анықтапты, деп хабарлады www.24.kz.

Нидерланды елінде құс тұмауы анықталды

Фермада 150 мың құс болған. Қауіпті сейілту үшін олардың барлығының көзін жоюға тура келген. Ал сол құстармен байланыста болған адамдар карантинге жабылған.