11:16, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Нидерланды Корольдігінің Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың ресми порталы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен өтетін алдағы оқиғалар аңдатпасын жариялады.

2 желтоқсанда Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен келетін Нидерланды Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездеседі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау жоспарланған.