Нидерланды полициясы күдікті лаңкестің үйінен оқ-дәрі тапқанын жариялады

Вим де Бруиннің айтуынша, жүргізілген іздеу шарасында үйден оқ-дәрілер, ақша, есірткі табылған. Алайда, ресми өкіл нақты қандай оқ-дәрі екенін айтудан бас тартты.
Жексенбі кешке Роттердамда арнайы операция барысында полиция Франция билігінің өтініші бойынша 32 жастағы ер адамды тұтқындады. «Оған теракт жасауға дайындалды деген күдік тағылды», - деп мәлімдеді де Бруин.
Ер адам қай жақтың тумасы екені әзірге айтылмады, алдағы уақытта Францияға экстрадацияланады. Ұсталған ер адам 25 наурызда Парижде тұтқындалған француздық лаңкес Ред Крикетпен байланыста болған деген күдік бар.
Операция барысында тағы үш адам тұтқындалды. Олардың бәрі Алжир тумалары. Оларды француз билігі іздеп жатқан жоқ. Сондықтан, оларға қатысты тергеу әрекеттерін голландиялық тергеу органдары жүргізеді.