Нидерланды және Латвияға қарсы ойнайтын Ұлттық құрама ойыншылары белгілі болды - ҚФФ
Атап айтқанда, Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар мыналар болып отыр:
Қақпашылар: Бойченко Сергей («Ордабасы»), Покатилов Стас («Ақтөбе»), Сидельников Андрей («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Айтбаев Берік («Атырау»), Бейсебеков Абзал («Астана»), Гурман Марк («Қайрат»), Қуантаев Ермек («Қайрат»), Логвиненко Юрий («Ақтөбе»), Малый Сергей («Ордабасы»), Сүйімбаев Ғафуржан («Ордабасы»), Шомко Дмитрий («Астана»), Энгель Константин («Ингольштадт», Германия);
Жартылай қорғаушылар: Гетериев Қазбек («Ертіс»), Жолшиев Бауыржан («Астана»), Досмағамбетов Тимур («Тараз»), Исламхан Бауыржан («Қайрат»), Қонысбаев Ұлан («Қайрат»), Қуат Исламбек («Қайрат»), Көкеев Жамбыл («Қайрат»), Мухутдинов Альмир («Тараз»), Нұрғалиев Азат («Ордабасы»), Смақов Самат («Ертіс»);
Шабуылшылар: Нөсербаев Таңат («Астана»), Хижниченко Сергей («Ақтөбе»), Щеткин Алексей («Астана»).
Негізгі құрамның ойыншылары жарақат алған жағдайда келесі футболшылар шақырту алады: қақпашы - Плотников Владимир («Қайрат»), жартылай қорғаушы - Дарабаев Аслан («Қайрат»).
Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2015 жылдың 5 қазанында Астанада жиналады. Нидерланды құрамасымен ойын 10 қазан күні 22:00-де басталады. Кейін қазақстандық футболшылар Ригаға жол тартып, 13 қазан күні Латвия құрамасымен кездеседі. Осы ойындармен Қазақстан Ұлттық құрамасы «ЕУРО-2016» іріктеу турнирін аяқтайды.