Нидерландыда белгісіз біреу бірнеше адамды атып өлтірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нидерландының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан Дордрехт қаласында белгісіз біреу көшеде оқ жаудырған. Бірнеше адам қаза тапқан. Бұл туралы Роттердам қауымының полициясы хабарлады.

Нидерландыда  белгісіз біреу бірнеше адамды атып өлтірді

«Дордрехте атыс салдарынан бірнеше адам мерт болды. Біз қылмыс болған жердеміз. Не болғанын тексерудеміз»,- деп жазды құқық қорғау органдарының қызметкерлері Twitter-де.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, кем дегенде үш адам көз жұмған. Қаншауының жарақаттанғаны әзірге белгісіз. Күдікті қамауға алынды.