10:30, 04 Тамыз 2015 | GMT +5
Нидерландыда екі құрылыс краны үйлердің үстіне құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландының шығысындағы Алфен ан-ден-Рейн қаласында көпірді қалпына келтіруге тартылған екі кран жақын жердегі үйлерге құлаған.

Салдарынан 20-ға жуық адам зардап шекті, деп хабарлады Франс пресс.
"Екі кран мен олар көтерген жүк жақын жердегі бес үйдің үстіне құлаған", - деді агенттікке өрт сөндіру қызметінің өкілі Тон Кут.
Үйіндінің астынан бір адам шығарылғаны, оның ауруханаға жеткізілгені жайлы хабарланды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Крандар Джулиана ханшайым көпірін қалыпқа келтіру жұмыстарына пайдаланылған. Қосымша жүк түсірген соң машиналардың бірі құлап, оның салдарынан тепе-теңдігін жоғалтқан екіншісі де құлады.