Нигер мен Чад «Боко Харамға» қарсы арнайы операциясын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигер мен Чад қарулы күштері Нигерияның солтүстік-шығысында бірлескен операцияны іске асырып, «Боко Харам» ұйымына қарсы шабуыл жасайды.

Нигер мен Чад «Боко Харамға» қарсы арнайы операциясын бастады

Олар операция барысында әуе және бронды техниканы қолданбақ. Жұма күні Африка одағы аталмыш ұйымға қарсы шабуыл жасау үшін 8 мың жауынгері бар әскери күш құруды мақұлдады.

Іс жүзінде Чад, Камерун және Нигер бірнеше жыл бойы Нигерияда орын алған жағдайға көмек қолын созып келеді, деп жазады khabar.kz.