Нигерде бес әйелдің күйеуі құл иеленушілік үшін төрт жылға түрмеге жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерде елдегі құлдық бойынша іс бойынша алғашқы сот үдерісінде жергілікті тұрғын төрт жылға түрмеге жабылды, деп хабарлады Би-би-Си.
63 жастағы ер адам бес әйел алғаны үшін сотты болды Оның бесінші әйелінің ата-бабалары да құл болған көрінеді, деп хабарлады Халықаралық құлдыққа қарсы ұйым өкілдері.
Әдетте бай ер адамдар осындай қыздарды сатып алады және оларда заңды әйел құқығы да болмайды. Сондай-ақ олар жыныстық зорлық-зомбылыққа да жиі ұшырайды.