Нигерде мектеп өртеніп, 24 оқушы қаза тапты

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Нигердің оңтүстігіндегі мектепте өрт шығып, кем дегенде 24 оқушы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат DPA агенттігіне сілтеме жасап.

Нигерде мектеп  өртеніп, 24 оқушы қаза тапты

Аймақ губернаторы Чайба Абубакар айтуынша, Маради қаласында үш саманнан тұрғызылған мектеп ғимараты өртенген. 24 оқушы мерт болды, тағы 80 оқушыны қатты күйік шалған.

Өрттің шығу себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.