Нигерде су тасқыны салдарынан 90-нан астам адам ажал құшты

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Нигерде су тасқыны салдарынан 90-нан астам адам көз жұмды. Табиғи апат елдің 8 өңірін шығынға батырды,
None
None

деп хабарлады Associated Press елдің үкіметіне сілтеме жасай отырып. Қазіргі уақытта құрбан болғандардың саны 91 адамды құрады.

Су тасқындары күрделі қирауларға алып келді. Жолдар мен инфрақұрылым нысандары бұзылды, жергілікті алқаптардан егістік шайылып кетті, мал басы едәуір азайды.

Нигер өзенінің аңғарындағы 3 мың гектар ауылшаруашылық жер су астында қалды.

Тамыз айында үкімет су тасқыны салдарынан қаза болған 47 адам туралы хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар