Нигерия: Лаңкестер әскери база мен Бага қаласын басып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Боко-Харам" қылмыстық тобы халықаралық күш-құрылымдары пайдаланып келген Африка одағының әскери базасы мен Бага қаласын басып алды, деп хабарлайды би-би-си.
Бага қаласы орналасқан Борно штатының сенаторының хабарлауынша, қалада қаза тапқандар саны өте көп және қала өртке оранған.
Осылайша «Боко харам» өз иелігіндегі жердің аумағын едәуір ұлғайтып алды. Бага қаласы мемлекеттік әскердің бақылауында көптен бері болып келе жатқан әскери нысанның бірі болған.