Нигерия мұнайдың тәуліктік өндірісін 29 пайызға - 1,7 млн баррельге дейін арттырды

ЛОНДОН. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Нигериядан мұнайды экспорттаудың айтарлықтай - 29 пайызға - 1,7 млн баррельге дейін өсуіне Нигер өзенінің бойында әрекет ететін көтерілісшілердің шілдеде жариялаған оқ атуын тоқтатуы себеп болды,

Нигерия мұнайдың тәуліктік өндірісін 29 пайызға - 1,7 млн баррельге дейін арттырды

деп хабарлайды ҚазАқпарат РАТА-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

 Өндірудің айтарлықтай арттырылуы туралы бүгін Нигерияның мұнай министрі Рилвану Лукман хабарлады. Үкіметте сөз сөйлеген ол баррельдің құны 70-80 доллардан айналуы Нигерияны қанағаттандыратынын мәлімдеді.