Нигерияда 15 адам он жасар жанкешті қыздың құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-шығысындағы Майдугури қаласындағы базарда болған қуатты жарылыстан 15-тен кем емес адам ажал құшты.

Нигерияда 15 адам он жасар жанкешті қыздың құрбаны болды

БАҚ хабарлауынша, жарылғы құрылғысын 10 жастағы қыз іске қосқан. Әзірге бұл оқиғаға байланысты ешкім жауапкершілікті мойнына алып отырған жоқ. Дегенмен, радикальды "Боко Харам" исламшылар тобы мүшелеріне күдік келтірілуде. Өйткені, соңғы жылдары Нигерияда орын алған шабуылдардың басым бөлігін осы топтың содырлары жасаған, деп хабарлайды Би би си.