Нигерияда 163 адам мырыштан уланып қайтыс болды
АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстігінде қайғылы оқиға орын алды. Мырыштан уланудың салдарынан 163 адам қайтыс болды, олардың көпшілігі - балалар. Уланудың алғашқы оқиғалары сонау наурыз айында тіркелген болатын, бірақ Нигерия өкіметі бұл қайғылы оқиға туралы енді ғана айтып отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Оған алтынның заңсыз өндірісінің салдарынан су мен топырақтың улануы себеп болған. Нигерия өкіметі барлық заңсыз кен көздерін жауып, уланған кейбір аудандардан адамдарды көшіруге мәжбүр болып отыр.