Нигерияда 60-тан астам адам содырлар шабуылының құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигериялық Майдугури қаласында содырлардың шабуылы салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты. Reuters жазғандай, шабуылға «Боко Харам» тобының (2015 жылдан бастап «Ислам мемлекеті» батыс африкалық провинция» аталады) мүшелері қатысқан.

Нигерияда 60-тан астам адам  содырлар шабуылының құрбаны болды

Лента.ру хабарлағандай, Нигерия әскерінің өкілі Мустафа Анкас (Mustapha Ankas) Далори, Майдугуридің шығыс жағының тұрғындары зардап шеккенін хабарлады. Ол шабуыл 30 қаңтар, сенбі кешке орын алғанын нақтылады.

«Боко Харам» 2002 жылы құрылған. Ол негізінен Нигерияда және онымен көршілер елдер аумағында әрекет етеді. Ұйым содырлары өңірде жасалған лаңкестіктердің басында тұр. Исламшыларға Нигерия, Чада, Камерун, Нигер әскері қарсылық білдіруде.