Нигерияда ауылдарға қарулы шабуылдар кезінде 13 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Нигерияның орталық бөлігінде орналасқан Плато штатындағы екі ауылға жасалған қарулы шабуылдар салдарынан кемінде 13 адам опат болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Нигериядағы қарулы шабуылда 34 сарбаз қаза тапты
Фото: Анадолы

Баркин-Лади ауданының басшысы Стивен Гьянг Пваджоктың айтуынша, Рачас және Равуру ауылдарына шабуыл 14 қазан күні кешке жасалған.

Келесі күні қаза тапқандарды жаппай жерлеу рәсімі өткізілген.

Оның айтуынша, бұл шабуылдар «ешбір арандатусыз және өте қайғылы» болған.

Атыстан жасырынбақ болған бірнеше адам жарақат алды, оқты қарулы малшылар атқан болуы мүмкін деген болжам бар.

Бұған дейін Нигерияда содырлар мешітке шабуыл жасап, 27 адамды атып кеткенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар