21:52, 26 Шілде 2015 | GMT +5
Нигерияда базарда орын алған жойқын жарылыс 16 адамның өмірін қиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияда базарда орын алған жойқын жарылыс 16 адамның өмірін қиды, тағы 50-і жарақат алған.
Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
Жарылыс елдің солтүстік-шығысында орналасқан Даматуру қаласының адамдар көп шоғырланған базарында болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам өзін-өзі жарып жіберген.
Әзірше ешбір террорлық топ жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Бұған дейін «Боко Харам» бірнеше дүркін жарылыс ұйымдастырған болатын. Алайда соңғы күндері Нигерия армиясы олардың бетін қайтарған.