Нигерияда белгісіз дерт 18 адамның өмірін жалмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияда 18 адам белгісіз аурудан ажал құшты, деп жазады Би-би-си.
Ауруға шалдыққан адамның көзі көрмей қалады, басы ауырып, есінен айрылады.
Ондо штатының дәрігерлері бұның Эбола дерті емес екендігін айтады. Ал жергілікті тұрғындар ауру 3 күн бұрын пайда болып, тез тарап кеткенін хабарлаған.