Нигерияда «Боко Харам» жақтастарын босатып алу үшін түрмеге шабуыл жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның оңтүстік-шығысындағы Диффар қаласында «Боко харам» тобының содырлары сотталған жақтастарын босатып алу үшін жергілікті түрмеге шабуыл жасады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Нигерия әскері оларға тойтарыс бере алды. Қақтығыста үш содыр мен бір сарбаз қаза тапты.
Соңғы апталарда бұл топ Нигерия мен Чадқа шабуылын үдетті. Адам шығындары бар.