Нигерияда бүлікшілер үш ауылды жойып жіберді, 200 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында Боко Харам тобының мүшелері кем дегенде 200 адамды қырып салды, деп хабарлады Росбалт.

Нигерияда бүлікшілер үш ауылды жойып жіберді, 200 адам қаза тапты

Әскер киім киіп алған бүлікшілер оқ жаудырып, үш ауылды толықтай жойып жіберді.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, олар бүлікшілер шабуылға дайындалып жатқандығы жайында әскери қызметшілерге ескерткен, бірақ олар көмекке келмеген. Әрі штат астанасы Майдугуриде қайғылы оқиға туралы аман қалған шаруалар барып айтқан кезде ғана, бірнеше күн өткеннен кейін бір-ақ білген. Айта кетейік, «Боко Харам» - Нигериядағы радикалдық исламдық секта. Олар шариғатты елдің барлық аумағына енгізу, батыстың ықпалымен күресу мақсаттарын көздейді. Бүлікшілер шіркеулерге, мектептер мен полиция учаскелеріне бірнеше рет шабуыл жасаған. 2014 жылғы мамырда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі «Боко Харамды» террорлық ұйымдар тізіміне енгізген.