Нигерияда бұзақылардың шабуылынан қаза болғандар саны 200-ге жуықтады

Нигерия
Фото: pixabay

Орталық Нигерияның ауылдарына жасалған шабуылдар салдарынан қаза тапқандар саны 200 адамға жуықтады. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті билік өкілдері аман қалғандар қайтыс болғандарды жерлей бастағанда хабарлады. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Плато штатындағы бірнеше ауылға сенбінің кешінен сейсенбінің таңына дейін қаруланған топтар шабуыл жасады. Бұл өңірде бірнеше жылдан бері діни және этникалық шиеленіс өршіп тұр,

Ормандарда жиналатын бандиттік ұйымдар мұндай шабуыл, ұрлық, адам ұрлап әкетуді өтемақы талап ету мақсатында істейді.

Соңғы жаңалықтар