Нигерияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Нигерияда Эбола геморрагиялық қызбасын жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
The Cable басылымының елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, билік вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған 44 адамды анықтаған.
Вирус жұқтырған әйел Нигерияға Угандадан ұшақпен келген. Қазір ол ел астанасы Абуджадағы жекеменшік клиникалардың бірінде ем қабылдап жатыр.
Үкімет ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық медициналық мекемені аса қырағы болуға шақырды.
Эбола індеті 2026 жылғы мамырда Конго Демократиялық Республикасында (КДР) басталған. Бұл ел тарихындағы ең ірі індетке айналған.
Соңғы мәліметтер бойынша, КДР аумағында вирусты жұқтырудың 9,4 мыңнан астам жағдайы тіркеліп, 4,5 мыңнан астам адам қайтыс болған. Ауру елдің сегіз провинциясына таралған.
Кенияда тоғыз науқас тіркелген.
Бұған дейін Кенияда Эбола вирусын жұқтырудың сегізінші жағдайы анықталғаны хабарланған болатын.