Нигерияда фермерлер мен малшылардың қақтығысынан 20-ға жуық адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигериядағы фермерлер мен малшылардың қақтығысынан ең кемі 18 адам қаза тауып, 20 адам жараланды, деп хабарлайды Рейтер агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.

Нигерияда фермерлер мен малшылардың қақтығысынан 20-ға жуық адам мерт болды

Агенттіктің хабарлауынша, қақтығыс Нигерия шекарасындағы Банжи ауылы маңында басталды, онда жергілікті малшының табыны бір фермердің егістігін жайпап кеткен.

«Көшпенді малшылармен төбелескен фермер ауруханаға түсті, бәрі осыдан басталды», - деп мәлімдеді Банжи мэрі. Қақтығыс барысында бірнеше үй өртенген.

«Полицияның араласуына тура келді», - деді мэр.